«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАНЫМДЫЛЫҚ САБАҒЫ

Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ облыстық фестивалі аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” атты тақырыпта танымдылық сабағын өткізді. Аталған іс-шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алтынай Сыздықова, бөлім басшысы Мереке Мұхамедияров және мекеме қызметкерлері қатысты. Сабаққа мекеме қызметкерлерінің ұлттық киімде келуі мереке көркін ерекше аша түсті. Танымдылық сабағы әр ұлттың тіліндегі амандасулардан басталып, бас маман Айдос Рахымғазиевтің домбырамен орындауындағы Бекболат Тілеуханның “Елім менің” әнімен жалғасты. Одан соң құттықтау сөзін алған Алтынай Сыздықова қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан мекеме қызметкерлері Айдос Рахымғазиевты, Бақытжан Әубәкірованы, Бикеш Құлыбекованы, Динара Әбішеваны мемлекеттік тілді дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін дипломмен марапаттап, бөлім басшысы Мереке Мұхамедияровқа мемлекеттік тілді дамытуда мекемеде атқарылып жатқан жұмыстарға және мекеме қызметкерлерінің қалада өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырғандары үшін алғысын білдірді.

Қазақ тілін оқытушы Нұрсұлу Әбдірахманова қатысушыларды екі топқа бөліп, сабақты сайыс түрінде жүргізді. Слайдтағы берілген сұрақтарға жауап беру, тақпақтарды үш тілде оқу, мақал-мәтелдердің маңызын ашу, өлеңді нақышына келтіріп орындау, мәнерлеп оқу, берілген тақырыпты ашып, сахналық көрініс көрсету, қанатты сөздермен жұмыс істеу сайыстары тартысты өтті, қазақтың оюланған төр көрпесінде өткізілген шеберлікке, мергендікке, ептілікке тәрбиелейтін дәстүрлі ұлттық асық ойынын жанкүйерлер қызыға тамашалады. Әр топ берілген тапсырмаларды ерекше ынтамен орындауға тырысты. Сайыс қорытындысында “Білгіштер” тобы бір ұпай артықшылығымен жеңіске жетті. Сабаққа қатысушылар “Рух” мемлекеттік тілді оқыту орталығының атынан шағын естелік сыйлықтармен марапатталды.

Біздің қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік тілімізді меңгеруге зор ықылас қойып, ана тілімізде еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып, одан әрі дамыта түсу.

Бикеш ҚҰЛЫБЕКОВА,

қалалық жұмыспен қамту және

Петропавл әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp