«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі өз қызметкерлерінің балаларының қысқы демалыс уақытын қызықты өткізу мақсатында арнайы саяхат ұйымдастырды. Оның барысында оқушылар ішкі істер департаментінің мұражайымен, полицейлердің атты әскері және кинологиялық орталықтың жұмысымен танысты.

Алты мен он төрт жас аралығындағы оқушылардан жасақталған топ алдымен тәртіп сақшыларының тарихынан сыр тарқатар мұражайға ат басын тіреді. Мұражай жетекшісі Нина Бенграф бүлдіршіндерге әр жәдігердің тарихын әңгімелеп, органның құрылудағы мақсатының жай-жапсарын түсіндірді.  

Ауыл балаларына атты взвод қызғылықты болмағанымен, кинологиялық орталықтағы арнайы үйретілген иттер бүлдіршіндерді бірден баурап алды. Кинологиялық орталық инспекторы Михаил Пулянаускас орталықтағы иттердің тәртіп сақшылары үшін қаншалықты көмегі бар екендігін түсіндіріп, әрқайсысының неге машықтанғандығын атап көрсетті. Бұдан соң балғындар иттердің қатысуымен атқарылатын әрекеттерден көріністер тамашалады. Оқушылар Петропавлға жасаған саяхат соңында “Ботаникалық бақтың” тыныс-тіршілігімен танысты.

Айта кету керек, өткен жылы жамбылдық полицейлер мұндай саяхатты аталмыш аудандағы қолайсыз отбасылардан шыққан балалар үшін ұйымдастырған болатын.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp