«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАПАНШАСЫН ТАПСЫРЫП, ТЫНЫШ ТАПТЫ

Облыс орталығының 50 жастағы бір тұрғынының “ПБ-4 М ОСА” тапаншасы бар еді. Жақында ол он екі жыл бойы ұстап келген қаруын қалалық ішкі істер басқармасына тапсыруды ұйғарды.

“Бұл шешімім дұрыс болды. Тапаншаны сақтау оңай емес. Өйткені, үнемі алаңдап жүресің”, – депті қару иесі.

Петропавлдың тағы 22 тұрғыны өз қаруларынан бас тартты. Сөйтіп, тәртіп сақшыларына осыншама тапанша өткізілді.

Азаматтардан қару-жарақтарды сатып алуға республикалық бюджеттен 23 миллион теңге бөлінді.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp