«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК

2015 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУда ашылған “Мемлекеттік қызмет мектебінде” бүгінге дейін жиырмадан астам студент білім алды. Олардың барлығы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасып, нәтижелі еңбек етуде.

Аталмыш мектепте оқуға ниет білдіргендер іріктеуден өтіп, Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тест тапсырады. Оқу жоспары бір айлық теориялық сабақ пен екі апталық өндірістік тәжірибеден тұрады. Оқу барысында олар мемлекеттік қызметшінің міндеттерімен танысады. Курсты ұйымдастырушылар студенттерді бос орындары бар мекемелерге жіберіп, жұмысқа орналасуларына мүмкіндік береді. Ал дәрісті оларға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі облыстық департаментінің және түрлі ведомстволардың мамандары жүргізеді.

– Биыл 11 студентті қабылдадық. Жастардың арасында мемлекеттік қызметті таңдайтындардың қатары артқаны қуантады, – дейді департаменттің басқарма басшысы Рамиль Бахриразиев.

Венера ТҰРАГЕЛДІ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp