«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРАЗДЫҚТАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Тасқын судың алдын алуға көмектесу үшін Жамбыл облысынан Қызылжар өңіріне арнайы келген 30 құтқарушы мен 5 техника Есіл ауданына жіберілді.

Өткен тәулікте облыс аумағында  бір де бір тұрғын үйді су басқан жоқ.  Бұдан бұрын екі елді мекенді су басу қаупі болған Ш.Уәлиханов ауданында тасқынның деңгейі түсе бастады. Алайда Ғ.Мүсірепов атындағы, Ақжар және Ш.Уәлиханов аудандарында жолдарды су басып қалып, 10 учаскенің тоғызында автокөліктердің өтуіне жағдай жасалған.  Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье ауылына барар жол уақытша жабылғанымен, елді мекенмен байланыс үзілген жоқ. Жағдайды нақты бағалау үшін Аққайың, Ақжар және Тайынша аудандарының аумағын мамандар  тікұшақпен қарап шықты.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp