“Soltústіk Qazaqstan” облыстық газеті 2019 жылғы баспасөзге жазылу науқанының басталуына байланысты басылымды таратушылар арасында бәйге жариялайды.
Бәйгеге облыс аудандары мен қалалық байланыс бөлімшелері, ауылдық округтердің қызметкерлері, белсенді газет жанашырлары қатыса алады. Бәйге жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалды.
1. Аудандық және қалалық байланыс бөлімшелеріне:
Бір жылға:
– кем дегенде 1200 дана газет таратса – түрлі-түсті телевизор;
– кем дегенде 1000 дана газет таратса – кір жуатын машина;
– кем дегенде 800 дана газет таратса – шаңсорғыш.
2. Ауылдық округтер бойынша:
– 300 дана газет таратқан қызметкерге, газет жанашырына – шаңсорғыш;
– 200 дана газет таратқан қызметкерге, газет жанашырына – үтік;
– 100 дана газет таратқан қызметкерге, газет жанашырына – электр шәйнегі.