Өңіріміздегі “Манас-Петропавл” қырғыз қоғамдық бірлестігі “Қырғызстан інжуі Ыстықкөл – 2015” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар мемлекеттік емес ұйымдардың, жастардың, этнобірлестіктердің өкілдерінің бастарын қосып, Қырғызстанның ұлттық ерекшеліктерін, ондағы туризмнің жай-жапсарымен таныстырды.
– Мұндай шараны тарихи Отанымызды жан-жақты таныстыру үшін ұйымдастырдық. Сондай-ақ, Кеден одағына мүше болғаннан кейін жергілікті халық ол жайлы көбірек білсе екен деген ниетіміз де бар, – дейді “Манас-Петропавл” қырғыз қоғамдық бірлестігінің төрағасы Майрамбек Бөлтіріков.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.