«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХИ СӘТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жолдап, маусым айының тоғызында кезектен тыс Президент сайлауы болатынынан хабардар етті. Бұл арқылы ол бірінші кезекте еліміздің мүддесін ойлайтынын көрсетті. Ең бастысы, жаңа басшыны сайлау әділ әрі ашық өтеді деген сенімдеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жылдар бойы мемлекетімізді тек алға жетелеп, уақтылы әрі дұрыс шешімдер қабылдап, кез келген жағдайда халықтың игілігін ойлап әрекет еткенін білеміз. Конституция талаптарына сәйкес Президент ретінде халық алдында ел игілігі үшін адал қызмет етуге ант бергеннен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы да жұмысына білек сыбана кірісіп, іссапармен шетелге де барып келді. Еліміздің ішкі тыныштығын, бірлігін, біртұтастығымызды сақтаумен қатар, сыртқы саясатты да тиімді жүргізуде.
“Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек. Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым. Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады”, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеуінде.
Президенттің Үндеуінен кейін Қазақстан Коммунистік халық партиясы 26 сәуірде кезектен тыс съезд өткізу туралы шешім қабылдады. Оның барысында партия мүшелерінің арасынан кезектен тыс Президент сайлауына лайық кандидат таңдалатын болады.

Қайсар СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің екінші хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp