Бүгін, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл датаны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар.
Дүние жүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге Қазақстандағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді.
Жалпы елімізде ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Ал Қызылжар өңірінде 1144 мәдени-тарихи ескерткіш тіркелген, оның 599- ы мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізіліп, арнайы қорғауға алынған, 8-нің республикалық мәртебесі бар.