«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХПЕН ТОҒЫСУ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған “Болашаққа ұмтылған Қазақстан” атты көрме ашылды. Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасу тарихынан сыр шерткен көрмеге республика Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының көшірмелері, сайлауалды атрибуттар, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне арналған кітаптар, ұлттық валюта – теңге үлгілері қойылды. Сонымен қатар, көрмеге келген көпшіліктің назарына Елбасының жұмыс сапарларының, елордамыз Астананың көрікті жерлерінің фотосуреттері ұсынылды. Тәуелсіздігіміздің кепілі – Ата Заңымыздың макеті де жұртшылық қызығушылығын тудырды. Мектеп оқушылары оны 2 ай ішінде жасаған.

– Азаттықтың ширек ғасырлық тойына арналған көрменің мақсаты – мемлекетіміздің және біздің өңірдің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін көрсету, – дейді тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі Гүлжауһар Сәдуақасова.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp