«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХҚА ЖЕТІК ОНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ

Клара Молдахметова тарих пәнінің үздік мұғалімі ретінде өңір басшысының марапатына ие болды. Ол Петропавл қаласындағы №20 орта мектепте балалардың білімін ұштауда. 30 жылдық өтілі бар тәжірибелі мұғалімнің оқушыларын түрлі деңгейлердегі олимпиадаларға сапалы даярлағаны, білім беру саласындағы жетістіктері үшін алған марапаттары оның ұстаздық еңбегіне берілген баға.

Жақсы ұстазды шәкіртіне қарап таны” дегендей, оның оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуде тарих пәні бойынша қала мектептері арасында 100 пайыз сапаға қол жеткізсе, республикалық “Тарих ата”, Интернет олимпиадаларда, ғылым негіздері жөніндегі халықаралық олимпиадаларда II және III орындарды иеленуде. Алдынан ұшқан шәкірттерінің алды еліміздің маңдайалды білім ордаларында грантпен оқып жүр.

Клара Арғынқызы тәжірибелі ұстаз ретінде бірнеше жыл қатарынан облыстық, республикалық Ұлттық бірыңғай тестілеу комиссияларының құрамында болды. Оның іс-тәжірибесімен еліміздің түкпір-түкпіріндегі әріптестері республикалық онлайн сабақтар арқылы таныс. Сонымен қатар, Клара Молдахметованың “Қазақстан тарихы сабағында модульдік оқыту технологиясы” және “Ежелгі дүние тарихы бойынша білімдерін бекіту мен тексеруге арналған тапсырмалар жинағы” атты әдістемелік құралдарының игілігін басқа мұғалімдер де көріп жүр.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp