Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Динара Жамалиеваның айтуынша, оқушыларды нағыз патриот етіп тәрбиелеу туған елінің тарихи құндылықтарын құлағына сіңіруден басталады. Әсіресе, өлке шежіресін негізге ала отырып, оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты оқытып-үйретуді қолға алу шарт. Егер бұл пәнді мұражайлармен, туристік нысанға айналуға лайықты тарихи орындармен сабақтастыра жүргізсе, оқушының өткенімізді қабылдауы өзгеше болары сөзсіз.
Білім саласында он үш жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Динара Баяхметқызы оқушыларын туған өлкенің тарихын зерттеуге баулып, түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатыстырады. Оқушысы Талғат Жанаев “Зерде” шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары республикалық байқауының облыстық кезеңіне “Абылай хан” жобасымен қатысып, екінші орын алды. Мұғалімнің айтуынша, оқушысының өлке тарихына деген қызығушылығы артып, танымы кеңейе түскен.
СУРЕТТЕ: Д. Жамалиева.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.