«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРТЫСТЫ ОЙЫН, ТЕҢ НӘТИЖЕ

Өткен жексенбі Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында жергілікті «Қызылжар» командасы мен семейлік «Елімай» арасында тартысты футбол матчы өтті.

Ойын басталғаннан-ақ екі команда шабуылға иек артты. Бірінші таймда алаң иелері басым көрінді, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде шабуылшы Андрей Ульшин есеп ашты.

«Елімай» ойыншылары да қарап қалмай, екінші таймда қарқынын үдете түсті. Қонақтар сапынан Никита Корзун таразы басын теңестіріп кетті. Матчтың соңғы минуттарына дейін екі команда да жеңіс үшін бар күшін салды, бірақ таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Бұл нәтиже екі командаға да бір-бір ұпайдан алып келді. «Қызылжар» 13 ұпаймен турнир кестесінде 8-ші орында келе жатыр, ал «Елімай» 17 ұпаймен 5-ші орынға жайғасты. Топ басында – 25 ұпайы бар «Ақтөбе».

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp