Биылғы қардың қалыңдығы көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары. Күзде анықталғанындай, топырақтың өнімділік ылғалының нақты қоры нормадан 1,5-3 есе асып кетті. Сергеевка бөгенінде су тасу кезеңіндегі күтілетін көлем мөлшері 2 млрд. 600 млн.-3 млрд. 400 млн. текше метр (норма – 1296 млн. текше метр, 2014 жылы 3 млрд. 200 млн. текше метр). Сілеті бөгенінде – 150-230 млн. текше метр (норма 128 млн. текше метр, 2014 жылы – 230 млн. текше метр). Осындай көрсеткіштерде судың жайылмаға шығуы байқалады.
Сәуір айында ауаның орташа температурасы 4…60С жылы болады деп күтілуде, бұл нормадан 1-20С (норма: 3…40С) жоғары. Одан басқа сәуір айының бірінші онкүндігі бойына, екіншінің соңында және үшінші онкүндіктің басында болуы ықтимал жаңбыр мен қарлы жаңбыр түріндегі жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады (норма: 17… 23 мм.), жаңбыр үшінші онкүндіктің ортасында болады деп күтілуде.
Тасқынға қарсы іс-шараларға дайындық аясында төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте су басуы ықтимал аймақтар мен аудандар анықталды. Көктемгі тасқынның салдарынан облыс аумағында ойпаңды жерлерде орналасқан 18 елді мекенді ішінара су басуы мүмкін.
Жайылған судан зардап шегуі мүмкін республикалық маңызы бар автожолдарда – 114 учаске, облыстық маңызы бар автожолдарда 179 учаске анықталды.
Денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмектің бір жарым айлық қорын дайындады, ықтимал су басу аймағына кіретін елді мекендерде жүкті әйелдердің тізімі нақтыланды.
Жолдарды, бөгеттерді су шаюдың алдын алу және оқшаулау, облыста елді мекендер мен нысандарды су басуына жол бермеу үшін құрылыс және инертті материалдар қоры, ыдысқаптар, жанар-жағармай дайындалды.
Облыс аумағында орналасқан 25 гидротехникалық имараттың барлығы техникалық тексерістен өтті.
Өңірде тасқынның өтуін бақылауға 14 метеостанция мен 14 гидрологиялық қосын қатысады (олар Есіл, Ақанбұрлық, Иманбұрлық, Бабықбұрлық, Шағалалы өзендерінде, бөгендерде және Черное өзенінде орналасқан). Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша “Казгидромет” РМК филиалының мәліметтері қолданылады (Есіл өзенінде Астана қаласы және Каменный Карьер ауылы (Есіл қаласы) және Жабай мен Колутон өзендері салаларындағы қосындар).
Облыс аумағында орналасқан бөгендердің толуына мониторинг және Сергеевка мен Петропавл бөгендерінің су деңгейін төмендету үшін жоспарлы су өткізу жүргізіледі.
Осы іс-шаралардың орындалуы тұрғындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Ләззат ӘМІРЖАНОВА,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы.