Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларының барысы туралы брифинг өткізді.
Департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Асхат Бәкішев биыл қардың қалың түскенін, су тасқыны орын алуы мүмкін екенін айтты. Осыған орай департамент кешенді шаралар жүргізуде. Асхат Кәбікенұлының айтуынша, 2016 жылдың басынан бері өңіріміздегі елді мекендерден 550 мың текше метр қар шығарылған. Облыстық бюджеттен ғарыш арқылы мониторинг жүргізуге – 11,6 миллион теңге, Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылын қорғайтын бөгетті жөндеуге 10 миллион теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, департамент 15 ақпан – 15 наурыз аралығында жариялаған айлық барысында қызметкерлер 8100 ауланы аралап, 8945 жадынама таратқан.