Қазан айынан бастап “Щучинск-Көкшетау-Петропавл” тас жолын сынақ түрінде ақылы ету ұсынылды.
Шлагбаумдар болмайды, ал жолдың ақысы онлайн қабылданады. Ашық жүйеге сәйкес автокөліктің мемлекеттік нөмірінің шоты арқылы алдын ала немесе ақша төлеуге тиіс екені жөнінде ескерту келгеннен кейін, сонда көрсетілген реквизит арқылы ақша аударуға болады.
“ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы мамандарының айтуынша, ақылы жүйе жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Соның ішінде қыс мезгілінде жол қардан тазаланып, жол белгілері орнатылып, жаңартылады, жол-көлік оқиғаларынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар көлік жүретін және демалатын орындарды қоқыстан тазарту, әжетхананы тазалау қызметтері де кіреді.
Ұсынысқа қатысты қоғамдық тыңдау өтіп, ақы төлеу жүйесінің қағидалары, тәсілдері және тарифтер белгіленеді. Тыңдауға бұқаралық ақпарат құралдары, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары және басқа да адамдар өз қалауы бойынша қатыса алады.
https://pkzsk.info