«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТАР ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

Жастар сарайында “Дуслык” татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен татар әндерінің кеші өтті.

Сахнада жергілікті өнерпаздар халықтық әрі заманауи лирикалық әндер шырқаса, Башқұртстаннан келген қос дарын Айдар мен Алмас Юнусовтар кештің көркін қыздырды. Олардың өнеріне жұрт тәнті болды. Тамылжыта ән шырқап, ұлттық аспапта ойнаған өнерпаздар жұртшылықтың делебесін қоздырды. Естен кетпес ерекше кеш үшін көрермендер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

– Татар әндерінің кешін жыл сайын өткізу дәстүрге айналғанына қуаныштымын. Облыс тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл күй сыйлау үшін осындай кештердің жиі өткені маңызды. Сахнада әзіл айтылып, көңілді ән шырқалса ғажап қой. Әдемі кештің куәсі болып, рухани демалғанға не жетсін?! – дейді кеш ұйымдастырушысы Эльдар Сисанбаев.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp