«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТАР ӘНІ ӘУЕЛЕДІ

“Дуслык” татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығында әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылып, татар және орыс тілінде өткізілген шара барысында көрермендер татар халқы ақындарының туындылары мен сүйікті авторларының әндерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Кеште көрермендерден жақсы баға алып келген “Дуслык” вокалдық тобы, Танзилә Бахтеева, Вадим Нуриахметов өнер көрсетті.

Фаузия ФАЙЗУЛЛИНА,
татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының мүшесі.

Кеш барысында Танзилә Бахтееваның орындауында “Тәфтиләү” (“Туған жерім”), “Безнец авыл” (“Біздің ауыл”) әндері шырқалып, татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың өлеңдері ерекше шабытпен оқылды.
Әсіресе, кештің бел ортасында сахна төрінде “Пар ат” өлеңі оқылғанда еріксіз қосылып отырған аға буын ерекше қошеметпен қабылдады. Сонымен қатар негізгі міндеті кейінгі ұрпаққа салт-дәстүр, тілді үйретуді көздеп, кең ауқымды қамтыған, достықты жырлаған іс-шара барысында Гүлжихан Даутованың орындауындағы Татарстанның танымал ақыны Сигбат Хамиманың “Фазыл чишмасы” өлеңіне жазылған әні жұртшылықтың көңілінен шықты.
Аталмыш кешке қатысқан көрермендер Махмут Хусаин, Клара Булатова, Ильдар Хусни және башқұрт халқының халық ақыны Фарит Суфияровтың өмірбаянымен және шығармашылығымен қысқаша танысты.
Атап айтқанда, мәдени шараны өткізуге қатысып, сүбелі үлестерін қосқан, бір отбасының мүшелері, “Дуслык” вокалдық топтың қатысушылары Адиль, Альфия және Канададан келген Вадим Нуриахметовтар өнерлерімен кешті қыздыра түссе, ақын Мұса Жәлелдің “Ищек төбендә” (“Есік алдында”) және “Хадича” өлеңдерін жатқа оқыған Гүлжихан Даутованың өнеріне шын жүректен тәнті болды.
Шара соңында сөз алған татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Наиль Салимов игілігі мол шараны тамашалай келген жұртшылыққа алғысын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp