Жақында Петропавл қаласындағы №8 жалпы бiлiм беретiн эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде фестиваль болып өтті. Оқушыларды рухани құндылықтарымызды сақтауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған фестиваль этносаралық татулықтың бір белгісі болып табылады. Мерекелік шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының, “Қоғамдық келісім” мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысты.
Этностар арасындағы береке-бірлікті арқау етіп, жас буынға өз ана тілін баға жетпес байлығындай қадірлеуді көздеген қатысушыларды аталмыш мектеп-кешенінің директоры Дина Әбілмәжінова құттықтады. Сонымен қатар, Достық үйінен келген қонақтар да мерекенің маңыздылығына тоқталды.
“Өнерлінің өрісі кең” дегендей, фестивальға арнайы дайындалған оқушылар әр тілде ән айтып, би билеп, жиналған жұрттың көңіліне қуаныш сезімін ұялатты.
(Өз тілшіміз).