Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова жетекшілік еткен редакциялық кеңестің қажырлы еңбегінің арқасында “Қазақстан халқы” энциклопедиясы жарық көрді. Ауқымды сараптамалық еңбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысөзімен басталған. Ежелден Шығыс пен Батыстың мәдени әлемінің түйіскен кіндігінде орналасқан Қазақ жері өзінің есігін кімге айқара ашқан болса, солардың барлығына да қолайлы һәм қонақжайлы мекен болып келді”, – делінген алғысөзде.
Бұл Қазақстанды көпэтносты қоғам ретінде қарастырған алғашқы басылым болап табылады. Кітапқа қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дамытуға айтарлықтай елеулі үлес қосқан тұлғалар жайлы деректер енгізілген. Сонымен қатар, энциклопедияда өңірлік этномәдени бірлестіктердің жұмысы жайлы қысқаша мәліметтер де бар.
Наиль САЛИМОВ,
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.