
Үстіміздегі жылы облысымыздың төрт ауданында заманауи тауарлы-сүт фермалар пайдалануға беріледі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, сүт фермаларының алғашқысы Аққайың ауданындағы “Шәймерденов” шаруа қожалығында ашылады. Өңірімізге танымал кәсіпкер Біржан Шәймерденов Ленин ауылындағы 400 ірі қараға арналған ферманың құрылысын былтыр бастаған болатын. Алдағы күндері Австрия елінен 500-ге жуық симментал тұқымды қара мал жеткізіледі деп күтілуде. Ал мамыр айында шаруашылық қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, орнатуды жоспарлап отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Наурызбаевтың айтуынша, биыл бұдан бөлек Тайынша, Қызылжар және Мамлют аудандарында тауарлы-сүт фермалары пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.