Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Қайрат Қайроллаұлы Омаров СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы Көкшетау облысы, Володар ауданы, Прекрасное ауылында туған.
Қарағандының “Фемида” заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын “Экономика бакалавры”, “Заңгер” мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданы Прекрасное толық емес орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
2004-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы болып істеді.
2007-2008 жылдар аралығында – Айыртау ауданы әділет басқармасының бас маманы.
2008-2012 жылдар – “ЦОН” РМК-ның Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша бөлімінің бастығы.
2012 жылдан осы тағайындауға дейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен Сұңғат Ертайұлы Рақымжанов “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы” республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Сұңғат Ертайұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында туған.
“Семей” мемлекеттік университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін “Тарих пәнінің мұғалімі”, “Темір жол көлігінде тасымалдарды ұйымдастыру және басқару жөніндегі инженер”, “Мемлекеттік жергілікті басқару” мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы “Е. А. Рақымжанов” жеке кәсіпкерлігінің коммерциялық директоры болып бастады.
2005-2007 жылдары пойыздарды құрастырушы, Көкшетау қаласы стансасының кезекшісі болып істеді.
2007-2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау басқармасының өткізу бекеттерінің көлік бақылау бөлімінің жетекші маманы.
2008-2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының темір жол, әуе және су көлігі бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының көлік-коммуникация кешенінде бақылау бөлімінің жетекші маманы.
2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитеті автомобиль көлігінде бақылау басқармасының сарапшысы.
2013-2014 жылдары – көліктегі мониторинг және бақылау басқармасының сарапшысы, Павлодар облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитетінің көліктегі мониторинг және бақылау басқармасының басшысы.
2014 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік бақылау комитетінің жағдайлар орталығының бас сарапшысы қызметін атқарды.
