«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындаулар

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Нұрлан Болатұлы Құрманбеков СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Нұрлан Болатұлы 1986 жылы Ақтөбе қаласында туған.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақстан Тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін “Инженер”, “Құқықтану бакалавры” мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылғы шілдеден Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің құрылыс және қайта құру басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып бастады.

2014 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің құрылыс және қайта құру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Галилитдин Мұхтарұлы Жазетов Қаржы бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Галилитдин Мұхтарұлы 1976 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туған. “Инженер-электрші”, “Заңгер” мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2001 жылы қаржы полициясы органдарында бастады. 2008-2010 жылдары Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасының бас маманы, бастығы, одан кейін мемлекеттік сатып алу департаменті әдістеме басқармасы директорының орынбасары болып істеді.

2010 жылдан 2012 жылдың ақпаны аралығында Қаржы бақылау комитетінің мемлекеттік сатып алу саласындағы талдау және мониторинг басқармасының бастығы болып істеді.

2012 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейін Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының басшысы болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp