«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындаулар

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Құралай Амангелдіқызы Жарова облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Құралай Амангелдіқызы 1968 жылы Көкшетау қаласында туған.

Ол Омбы тұрмыстық қызмет көрсету технологиялық институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын “тігін бұйымдарының технологиясы”, “юриспруденция”, “экономика” мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Омбы қаласындағы “Сибирячка” ашық акционерлік қоғамының нормалау жөніндегі инженері болып бастаған.

2002-2003 жылдары Петропавл қаласында “ФПК “SAND ZHAR” ЖШС-нің өнеркәсіптік жобалар менеджері болды.

2006-2010 жылдары “СҚО әкімдігінің өңірлік технологиялық паркі” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас маманы, инновациялық-талдама бөлімінің басшысы, директордың инновация жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2010-2013 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы-заңгері.

2013-2014 жылдары облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысы болды.

2014 жылдан осы тағайындауға дейін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Балтабек Хамитұлы Жетпісов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Балтабек Хамитұлы Жетпісов 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Ленин ауылында туған.

Ол Қарағанды политехникалық институтын “инженер-механик” мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын пима басу фабрикасының тегістеушісі болып бастаған.

2004-2005 жылдары “СҚО жастар ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің әскери-патриоттық клубтарының үйлестірушісі болды.

2005-2006 жылдары облыстық жастар сауда қорының жүргізушісі, механигі, агенті қызметтерін атқарды.

2007-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманынан төтенше жағдайларға және өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасының басшысына дейінгі қызметтік өсу жолынан өтті.

2014 жылдың қазан айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp