«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімінің өкімімен Айдын Жанұзақұлы Керімбек Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айдын Керімбек 1984 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Нотингем (Ұлыбритания) университетін бітірген, халықаралық құқық саласының маманы, мемлекеттік саясат және басқару магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы ЖШС-інде заң және кадр жұмысы бөлімінің бастығы болып бастады.

2006 жылдан 2008 жылға дейін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің заң департаментінде жетекші маман болып еңбек етті.

2008-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы, басқарма бастығы, директоры қызметтерін атқарды.

2011 жылғы сәуірден осы тағайындауға дейін Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әкімшілік-қаржылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp