«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Ербатыр Қайыргелдіұлы Мадияров Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Е.Қ. Мадияров 1971 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысындағы Есілкөл ауданында туған. Ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1992 жылы Омбы облысының “Лесной” кеңшарында ветеринарлық дәрігер болып бастады. 2001 жылғы мамырдан 2006 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Петропавл қалалық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары болды.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.

2014 жылғы шілде-қараша айларында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды. 2014 жылғы қараша айынан осы тағайындауға дейін облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp