Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Ербол Болатұлы Сағдиев Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ербол Болатұлы 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Өндіріс ауылында туған.
1983 жылы Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник-инженер мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін аяқтады, құрылыс бакалавры.
Еңбек жолын 1985 жылы Қостанай қаласындағы Қостанай облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының №3 бөлімшесінде зоотехник болып бастады.
1985-1988 жылдары Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы КПСС-тің ХХІV съезі атындағы кеңшарда зоотехник-селекционер, бас зоотехник болып қызмет істеді.
1988 жылғы қараша айынан 1992 жылғы тамыз айына дейін Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы КПСС-тің ХХІV съезі атындағы кеңшардың директоры қызметін атқарды.
1992 жылдан 1998 жылға дейін – Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы “Қонысбай” АҚ-ның төрағасы.
1998 жылдан 2000 жылға дейін Ақмола облысының Зеренді ауданындағы “Сушы” АҚ-ның төрағасы болды.
2000 жылғы желтоқсаннан 2002 жылғы ақпанға дейін Ақмола облысындағы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2002 жылдан 2003 жылға дейін Ақмола облысының Зеренді ауданындағы “Сушы” қалалық коммуналдық кәсіпорнының директоры болды.
2003 жылдан бастап Ақмола облысының Зеренді ауданындағы “ҚазМұнайГаз” ЖШС-нің “Сұңқар” сауықтыру кешенінде директор қызметін атқарды.
2003 жылдан 2012 жылға дейін Ақмола облысындағы Зеренді ауданының әкімі болды.
2012 жылғы сәуір айынан 2013 жылғы маусым айына дейін Ақмола облысындағы Атбасар ауданының әкімі қызметін атқарды.
2013 жылдан осы тағайындауға дейін Ақмола облысындағы Сандықтау ауданының әкімі болып еңбек етті.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
