Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Рустам Төлегенұлы Бикенев облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Рустам Төлегенұлы 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Совет (қазіргі Аққайың) ауданындағы Черкас ауылында туды.
1995 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын мәдени-ағарту қызметкері мамандығы, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданындағы Черкас ауылында құрылыс отрядының электршісі болып бастады.
1995-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Совет аудандық Мәдениет үйінің нұсқаушысы болып істеді.
1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Совет аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2000-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
2004-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2009-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы болып істеді.
2013 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
