Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Қайрат Сәкенұлы Пішенбаев Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайрат Сәкенұлы 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданындағы Ворошилов ауылында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын тамамдаған, мамандығы – экономист.
Еңбек жолын 1979 жылы Возвышен ауданындағы Жас гвардияшылар атындағы кеңшардың астық қырманының моторшысы болып бастады. 1982-1991 жылдары Возвышен ауданындағы Жас гвардияшылар атындағы кеңшардың шаруашылық есеп бойынша экономисі, бригадирдің көмекшісі, комсомол ұйымының хатшысы болып істеді.
1991-1995 жылдары – “Қазақсуқұрылысматериалдары” комбинатының инженері, ҚазКСР мемлекеттік жабдықтау комитеті “Қазақ сыртқы алмасу” фирмасының коммерциялық бөлімінің маманы, бастығы, “Казвнешконтракт” АҚ-ның өндірістік-коммерциялық бөлімінің бастығы, коммерциялық бөлімінің бас маманы, “Бизнесбанк акционерлік банкінің” бөлім маманы, Алматы қаласы “Мақсат” фирмасының коммерциялық директоры.
1995-1997 жылдары Алматы қаласындағы “Азық-түлік корпорациясы” ЖҮАҚ бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып істеді. 1997-2000 жылдары – Астана қаласындағы “Азық-түлік корпорациясы” ЖҮАҚ бөлім бастығы. 2000-2004 жылдары “Азық-түлік корпорациясы” ЖАҚ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылындағы “Хлебная база – 2” өкілдігінің директоры болды.
2004-2011 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар, Қызылжар аудандарының әкімі, облыс әкімінің кеңесшісі.
2011-2013 жылдары – “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2013 жылдан осы тағайындауға дейін Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып істеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
