«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Руслан Анбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.

Руслан Әкімжанұлы 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы Целинное ауылында туған.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “экономист-менеджер”, “құқықтану бакалавры” мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитеті аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастады.

2002-2008 жылдары бас салық инспекторы, жанама салықтар аудиті бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-құқық жұмысы және салық өндіру бөлімінің бастығы, Тимирязев ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болып істеді.

2008-2011 жылдары Есіл ауданы бойынша салық комитеті төрағасының, салық басқармасы бастығының лауазымын иеленді.

2011-2015 жылдары – Тайынша ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, салық басқармасының басшысы.

2015 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру даярлығы, лаңкестіктен сақтандыру және оның алдын алу бөлімінің жұмылдыру даярлығы бойынша бас маманы болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp