Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Қабиденұлы Жүсіпов облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ж.Қ.Жүсіпов 1980 жылы Көкшетау облысының Ленин ауданындағы Горьковское ауылында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы “Фемида” заң академиясын бухгалтерлік есеп және аудит, юриспруденция мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау жұмысы бөлімі бас маманының міндетін атқарушы болып бастаған. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бас маманы болды.
Төрт жыл Ақмола облысы әкімі аппараты ұйымдық-инспекторлық бөлімінің бас маманы – инспекторы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары Ақмола облысы әкімінің көмекшісі болды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі базалық салалар департаменті машина жасау басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі хатшылығының бас сарапшысы болды.
2010-2012 жылдары Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау №5 инспекциясы бақылау бөлімінің бас маманы – бас бақылаушы – тексерушісі болды.
2013-2014 жылдары Аққайың ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
