«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Мұхтар Наурызбайұлы 1984 жылы Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау кентінде дүниеге келген.

Ол Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Финляндиядағы Оулу университетін “инженер”, “экономика бакалавры”, “бизнес-әкімшілік жүргізу магистрі” мамандықтары бойынша аяқтаған.

2005-2007 жылдары “Жасыл ел” Батыс Қазақстан облыстық филиалының, “Жасыл ел” республикалық штабының басшысы қызметтерін атқарды.

2007-2011 жылдары “Самғау” Ұлттық холдингі” АҚ-ның менеджері, РETROFAC International (Ақсай, Лондон қалалары) кен орнын дамыту жөніндегі инженер, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің “Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы” АҚ-да Технологиялар трансферті департаментінің директоры болып еңбек етті.

2011-2013 жылдары – «Астана Innovations» АҚ-ның басқарушы директоры – басқарма мүшесі.

2013 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Ғылым қоры” АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры және “Финский Бизнес Хаб” (Финляндия-Қазақстан) компаниясының директоры қызметтерін атқарды.

Бұған дейін облыс әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Ерлан Мұратұлы Әукенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp