«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов Солтүстік Қазақстан облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ж. Сәдуақасов 1981 жылы туған, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте Петропавл ауыр машина жасау зауытында инженер-конструктор болып бастаған.

2007-2010 жылдарда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман, одан кейін бөлім бастығы болып істеді.

2010-2015 жылдарда облыс әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болды.

2015 жылғы қаңтардан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp