«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Руслан Сұлтанұлы Кәктай Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Р. Кәктай 1979 жылы туған, Қарағандының “Фемида” заң институтын, Қарағандының экономика университетін заңгер, экономист мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің экономикалық қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасы екінші бөлімінің инспекторы болып бастаған.

2001-2011 жылдары Қарағанды облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде түрлі қызметтер атқарды.

2011 жылдың мамыры, 2012 жылдың маусымы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департамент басқармасы бастығының орынбасары – экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу жөніндегі басқарманың 1-ші бөлімінің бастығы болып істеді.

2012-2015 жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот актілерін орындау жөніндегі комитетінің тұтқындалған және мемлекет кірісіне алынған мүліктер бойынша жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі, Астана қаласы әділет департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласы Орталық сот сараптамасы институтының директоры қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңға сәйкес актілер департаменті көлік, инфрақұрылым және телекоммуникациялар мәселелері бойынша заңға сәйкес актілер сараптамалары басқармасының сарапшысы лауазымында болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp