Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Сергей Владимирович Мелехов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сергей Мелехов 1987 жылғы 15 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданындағы Смирново ауылында туған. Білімі жоғары, 2009 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ді дене шынықтыру және спорт, 2015 жылы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін электроэнергетика мамандықтары бойынша тамамдаған. Конькиймен жүгіруден спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы.
Еңбек жолын 2007 жылы Туризм және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының нұсқаушы-жаттықты-рушысы болып бастаған. Әр жылдарда Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясында конькимен жүгіру бойынша бапкер қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары “Олимп” облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары болып еңбек етті. 2018 жылдан осы тағайындауға дейін “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөс-пірімдер мектебінің директоры болды.
Ал басқарманың бұрынғы басшысы Руслан Есеналин денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті.
Сурет www.7152.kz/ сайтынан алынды.