«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Кемел Қарашаұлы Оспанов облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Кемел Қарашаұлы 1964 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Бұлақ ауылында туған. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін тамамдаған, музыка және ән, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандықтары бар.

Еңбек жолын 1985 жылы Есіл ауданындағы Корнеевка музыка мектебінде мұғалімдіктен бастаған. 1987-1989 жылдары аталмыш ауданда білім бөлімінде эстетика жөніндегі әдістемеші болып істеді. 1989-1997 жылдары Корнеевка музыка мектебінің директоры болды. 1997 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың сәуіріне дейін облыстық әкімдіктің тіл саясатын ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің бас маманы, 1998 жылдың мамыр-қараша айларында облыстық туризм және спорт басқармасының бас маманы, 1998-2002 жылдары облыстық әкімдіктің тіл саясатын үйлестіру комитетінің бас маманы болып істеді.

2002-2007 жылдары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада ономастикалық жұмыстар бөлімінің басшысы, 2007-2008 жылдары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы, 2008-2009 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2010 жылдан осы тағайындауға дейін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы қызметін атқарды.

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Сурет: http://tilbas.sko.gov.kz/

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp