«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Петропавл қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Марат Тасмағанбетов 1971 жылы Көкшетау облысының Рузаев ауданындағы Андреевка ауылында туған.

Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған, ғалым-агроном, экономист мамандықтары бар.

1994-1995 жылдары Көкшетау облысының “Привольный” кеңшарындағы №2 бригаданың есепшісі болып істеген.

1995-1998 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданындағы “Западный” кеңшары №1 бригадасының агрономы, тұқым жөніндегі агрономы, бас агрономы қызметтерін атқарған.

1999-2000 жылдары Целинный ауданындағы “Западное-Қазақстан” ЖШС-нің директоры, 2000-2006 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның “Вест” ЖШС-нің директоры болды.

2006 жылдан осы тағайындауға дейін Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімі қызметін атқарды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ғ. Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Владимир Сергеевич Дудов Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып тағайындалды.

Владимир Дудов 1982 жылы Көкшетау облысы, Чистополье ауданы, Тахтоброд ауылында дүниеге келген.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2009 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2009-2011 жылдары облыс әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы болды.

Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp