«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Тасмұрат Оқанұлы Қатқадамов мемлекеттік органды құру кезіне, үстіміздегі жылдың 3 қарашасынан бастап, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ол 1959 жылы Алтай өлкесінің Бор-Фарпост ауылында дүниеге келген. Павлодар индустриялық институтын, Қазақ автомобиль-жол университетін құрылысшы мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1977 жылы бастаған. Механизатор, өндірістік оқыту шебері, тұрғын үй-өнеркәсіп құрылысы учаскесінің шебері қызметтерін атқарған.  

2000-2001 жылдары – Мәскеу қаласындағы “Анфострой” ЖШҚ бас директорының орынбасары.

2001-2002 жылдары “ҚР Президентінің Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету орталығы” АҚ бірінші вице-президенті қызметін атқарған.

2002-2003 жылдары “Альтаир-Т” ЖШС директоры болған.

2003-2010 жылдар аралығында “Корпорация Трансстрой” ААҚ қазақстандық филиалы директорының орынбасары, “Ространсстрой” ЖШС директоры болып еңбек еткен.

2010-2012 жылдары “Казахстанская вагоностроительная компания” ЖШС бас менеджері, құрылыс жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың персоналды басқару және режім жөніндегі орынбасары болған.

2012-2013 жылдары – “Востокмашзавод” АҚ құрылыс жөніндегі атқарушы директоры.

2013-2014 жылдары – “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Павлодар облыстық филиалында пайдалану бөлімінің бастығы, директордың орынбасары.

Осы тағайындауға дейін “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ның ақылы автомобиль жолдары департаментінің директоры болып істеген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp