«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАМЫ ТІЛ ҮЙІРГЕН

Бала кезінен тәтті тағамдар дайындап, жайылған дастарқанды әрлеп, қонақтардың көңілін табуды арманына айналдырған Венера Пичугова бүгінде Тимирязев ауданындағы “Москворецкое” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас аспаз болып жұмыс істейді. Ол жақында өткізілген облысымыздағы жас жұмысшылардың “Еңбек адамы” байқауына қатысып, “Үздік аспаз” аталымы бойынша бас бәйгені жеңіп алды.

Венера Васильевна Тимирязев ауданының Москворецкое ауылындағы орта мектепті бітірген соң түрлі себептермен жоғары оқу орнына түсе алмайды. Алғашында технолог боламын деген ақшақардай таза арманының жүзеге аспағанына іштей қиналған Венера икемі мен қабілетінің арқасында Петропавл қаласына келіп, қоғамдық тамақтандыру орындарында жұмыс істейді.

– Жұмыс істей жүріп, тәжірибе жинадым. Білікті аспаздардан үйренгенім көп. Түрлі тәсілдер арқылы тіл үйірер тағамның дайындалу жолдарын, қыр-сырын меңгердім, – дей келе, аспаз ісі бойынша шеберлік сыныбынан өтіп, сертификат алғанын айтты.

Нұргүл ӘБДІМҰРАТҚЫЗЫ.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp