«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМЫ ЗОР, ТАНЫМЫ МОЛ ТАРИХ

Облыстық әкімдік пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының ұйытқы болуымен кеше Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткізілген “дөңгелек үстел” Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысушыларды өңір басшысы Ерік Сұлтановтың атынан ел тарихындағы айтулы оқиғамен құттықтай келе: “Тәуелсіздіктің арқасында бізге мирас болған осы мереке – бүгінгі және болашақ ұрпаққа игілік, елді қорғау, оны одан әрі гүлдендіру – парыз”, – деді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы бас басқармасы бастығының орынбасары Қанат Беляков, ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Әскери институтының бастығы Жұмабек Ахметов, СҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ибраева, облыстық мұрағаттың директоры Сәуле Мәлікова, республика ішкі әскерлерінің ардагері Сәбит Ахметов Қазақ хандығының құрылып, мемлекет тұтастығына, тәуелсіздікке қолымыз жетуіне жан-тәнін аямаған ақылман хандар мен билердің, білекті батырлардың сіңірген еңбегін толғанысқа беріле баяндады. Жастар атынан Әскери институттың курсанты Әбіш Нұрдәулет сөз алды.

Жиынды қорытындылаған А.Дүйсенова бұл шараның жастардың отаншылдық рухын көтеріп, “Мәңгілік Ел” идеясын жүзеге асырудағы тағылымдық маңызын атап көрсетті.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp