«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРА

Осыдан бір ай бұрын облысымызда алғаш рет “Менің сүйікті отбасым” атты кең көлемді жоба бастау алған болатын. “Улыбка” қайырымдылық қоры, рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы ұйымдастырған шара өз мәресіне жетті.

Отбасылық құндылықтарды насихаттап, ажырасудың алдын алуға бағытталған игі шараға қатысуға өтініш білдірген бес жұп түрлі сынақтарға қатысып, отбасылық өмірмен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Тағылымы мол байқаудың шешуші кезеңі “Рахмет” сауда орталығында өтті. Көпшілік тағатсыздана күткен нәтиже жарияланбас бұрын жиналғандар назарына ұлттық киімдер мен той көйлектерінің сән үлгілері ұсынылды.

Байқаудың соңғы кезеңін көруге келген көпшілік жоба жайында өз ойларын айтып, пікірлерімен де бөлісуге мүмкіндік алды.

– Бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Әсіресе, үйленуге бел буған жастарға түрлі мамандардың ақыл-кеңестер беруі құптарлық жай. Байқау алдағы уақытта жалғасын тапса, оған қатысушылар саны да көбейе түсері сөзсіз, – дейді көрермендердің бірі Рүстем Ыбыраев.

Көпшіліктің көңілінен шыққан жобада көп дауыс жинаған Алтай Сәдуов пен Зарина Кәженова және Андрей Ермолаев пен Юлия Воробьева жеңімпаз атанды. Оларға шараны ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp