«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ӘҢГІМЕЛЕР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобы біздің облысқа арнайы іссапармен келді. Бір аптаға созылатын жұмыстың мақсаты – жат ағымдардың алдын алу. Ақпараттық-насихат тобы біздің өңірге бекітілген жұмыс жоспарын жүзеге асырмақ.

Бүгінге дейін олар бірнеше аудандарда, елді мекендерде болып, жергілікті тұрғындармен дін тақырыбында әңгіме өткізіп, мешіттерге жиналған жамағатқа уағыз айтты. Қалың қауыммен кездескенде насихат тобы еліміздегі діни ахуалдың тұрақты болуы үшін көпшілік болып бір бағытта жұмыс жүргізудің мақсатын түсіндіріп, теріс ағымдардың дамуына жол бермеуді әңгіме өзегіне айналдырды. Сонымен қатар, олар Петропавл қаласындағы білім мекемелерінде, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, студенттермен кездесулер ұйымдастырды, жастармен дін тақырыбы аясында тағылымы мол әңгіме жүргізді.  

Үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан республикалық ақпараттық-насихат тобы біздің өңірге жылына 2 рет келеді. Олар жергілікті ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен бірлесе отыра, жүйелі түрде жұмыс істейді. Биылғы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері “Хазрет Сұлтан” мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев (Астана қаласы) пен “Нұр-Мүбарак” мешітінің бас имамы Құрмет Смағұлов (Алматы қаласы) алдын ала келісілген кестеге сай кездесулер өткізуде.

Ақпарат тобының мүшелері осы аралықта бірнеше түзеу мекемелерінде де бас бостандығынан айрылған адамдармен кездесіп, әңгімелесіп, діни экстремизмнің қоғамға тигізер зиянын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp