Облыста құс тұмауы тіркелуіне қатысты тағы алты ауыл карантинге жабылуы мүмкін.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов хабарлағандай, құс тұмауы анықталған ошақтан 20 шақырым радиустағы үй құстарына вакцина егіледі. Ауру ошақтары тіркелген сайын, екпе егу жұмыстары да жалғасады. «Облыстың 11 ауданында үй құстары қырылды. Оның жетеуінде талдау қорытындысы бойынша құс тұмауы расталды. Әзірге 11 елді мекенге карантин енгізілді. Тағы алты ауылды карантинге жабу мәселесі қаралып жатыр. Өңірде республикалық эпизоотиялық жасақ жұмыс істеуде. Дезинфекциялық бөгеттер қойыла бастады. Өлген және ауырған құстарды иелерінен алу жөнінде арнайы қаулы шығады. Содан кейін құстар алынып, жойылады. Құстардың көзін жою үшін қозғалмалы инсинератор келді», – деді Берік Әлжанов.