«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ БІР КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлдағы қонақүйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан заңсыз казино бары анықталды. Заң бұзушыларды екі ай бойы бақылауға алған облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары ақыры құрықтады.

Күзетшілер бұл казиноға тек тұрақты клиенттерін ғана кіргізіп отырған. Арнайы операция кезінде казинода 22 ойыншы болыпты. Есеп-қисап құжаттарын тексеру барысында ойын залынан фишкалар, покер үстелдері, карталар мен бір күндік табыс – 1 млн. 270 мың теңге тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 2007 жылы қабылданған “Ойын бизнесі туралы” заңға сәйкес казино ісін тек Ақмола облысындағы Бурабай және Алматы облысындағы Қапшағай курорттарында ғана ұйымдастыруға рұқсат етілген. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Виктория Пивоварованың айтуынша, басқа өңірлерде казино ашқандарға 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ал құмар ойын ойнағандар 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі тиіс.
Соңғы бес жыл ішінде өңірімізде төрт заңсыз казино жабылды. Бұған дейінгі мұндай оқиға 207 жылы анықталған болатын.  

http://petropavltv.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp