
Биыл облыс орталығының Шоқан Уәлиханов көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында 900 орынға шақталған мектептің құрылысы қолға алынады.
Қала әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша, білім ошағы 2020 жылдың күзінде пайдалануға беріледі.
– Соңғы жылдары өңірімізде мектепке баратын балалардың саны артуда. Егер 2017 жылы 7,6 мың бала бірінші сыныпқа барса, былтыр 9 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Осы орайда былтыр Петропавл қаласында 1500 орынға шақталған екі мектептің құрылысы басталған болатын. Жақын арада тағы бір мектептің құрылыс жұмыстары басталады. Қала әкімдігі бұл жердегі 42 жер үйді сүріп, жаңа мектептің маңайына абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, – деді Болат Серікұлы.