
Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің плей-офф сынының ойындары жалғасуда.
Кеше жергілікті «Қуаныш» және елордалық «Астана» командаларының екінші кездесуі өтті. Үш кезеңге созылған матчтың нәтижесінде қызылжарлықтар қарсыласын тағы да 3:0 есебімен жеңді. Ал «Алматы» және «Қарағанды» командаларының арасында өткен кездесуде алматылықтар 3:2 есебімен басым түсті.
Енді 6 сәуір күні жерлестеріміз алматылық ұжыммен 5-орын үшін, ал «Қарағанды» және «Астана» командалары 7-орын үшін тартысқа түседі.