«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ ДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Петропавлдағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” хоккей командасы қарымта кездесуде теміртаулық “Теміртау” хоккей клубынан жеңіліс тапты. 

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында өткен бұл матчтың алғашқы кезең алма-кезек шабуылдармен басталғанымен, нәтижесіз аяқталды. Ойынның екінші кезеңінде “Теміртау” құрамасы есепті ашты. “Құлагер” хоккей клубы тек үшінші кезеңде есепті теңестіру мүмкіндігіне ие болды. Алайда, ойын жерлестеріміздің мұз айдындағы қателіктерін сәтті қолдана білген теміртаулықтардың пайдаларына шешілді. Есеп – 3:5. 

Қазіргі уақытта қоржынында бар-жоғы 16 ұпайы бар құлагерліктер турнир кестесінде сегізінші орында келеді. Ал біріншілікте көш бастап тұрған “Арлан” клубының еншісінде 43 ұпай.
Енді жерлестеріміз 21-22 қазан күндері өз мұз айдынында “Алтай Торпедо” клубын қабылдайды.

 

Сурет http://hc-kulager.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp