«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ ДА ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Тайынша аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Иван Иванович Турков Тайынша ауданының әкімі болып тағайындалды.

Иван Иванович 1976 жылғы 19 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысының Красноармейск қаласында дүниеге келген. Қарағанды банк колледжiн, Қарағанды экономикалық университетiн және “Фемида” заң академиясының Көкшетау филиалын тамамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы ЭЕМ операторы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдары Ұлттық банктің аудандық филиалының есептiк-кассалық орталығының маманы қызметiн атқарды. Ал 1998-2007 жылдар аралығында Тайынша ауданындағы салық басқармасында түрлі жауапты қызметтерде болды.

2007 жылдың қазан айында Тайынша ауданы әкiмiнiң орынбасары, кейін Тайынша ауданының әкiмі болып тағайындалды. 2014 жылдан осы тағайындауға дейін Жамбыл ауданының әкiмi қызметін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp