«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ ДА ТӨМЕНГІ ТОПТА

Футболдан Премьер-лига командалары арасында ақтық тур ойындары өтті. “Қызылжар” командасы сырт алаңда қостанайлық “Тобылмен” кездесіп, ойсырай жеңіліп қалды.

Ойын тізгінін бірден қолына алған “Тобылдың” жартылай қорғаушысы Ника Квеквескири бірінші минутта-ақ командасын алға шығарды. Екінші таймның басында тағы бір қостанайлық ойыншы Максим Федин мергендік танытып, есепті еселеді. 83-ші минутта Нұрбол Жұмасқалиев “Қызылжардың” қақпасынан саңылау тауып, жеңіс голын соқты. Есеп – 0:3. Осылайша, 35 ұпай жинаған “Қызылжар” командасы турнир кестесінде 11-ші орынға тұрақтады.

Былтыр командамызды қаржыландыру мәселесі оң шешіліп, үздіктер қатарында өнер көрсетуге мүмкіндік алғанда, бөркімізді аспанға атып қуанған едік. “Қарасай” стадионында күрделі жөндеу жүргізіліп, “Жастар” стадионында жабық манеждің ашылуы жеңіске деген сенімімізді нығайта түскені жасырын емес. Сондай-ақ, биыл клубтың құрылғанына 50 жыл толуы да ойыншыларды жігерлендіре түседі деп ойлап едік. Алайда, үмітіміз ақталмады. “Қызылжар” келер жылы тағы да төменгі топта ойнайтын болды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp