«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ ЕКІ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Кеше кешкісін Петропавл қаласының жағажайында облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының құтқарушысы С. Ордабаев батып бара жатқан баланы байқап, бірнеше минуттан кейін оны судан алып шықты. Су жұтып үлгерген 11 жастағы зардап шеккен балаға кезекші медбике М. Обознова дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Осы күні Пестрое көлінің жағажайында құтқарушы Ж. Мұхамбетов және Р. Жиляев 14 жасар жасөспірімді құтқарды. Кәмелетке толмаған зардап шегуші өз күшін жете бағаламай, тыйым салынған жерге дейін жүзіп барып, бата бастаған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бала зардап шеккен жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp